|
Поздравления уполномоченного представителя духовного управления мусульман Казахстана по Северо-Казахстанскойобласти, главного имама центральной мечети «Кызылжар» Касымханхаджи Абдуллаевича Исаева
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Имам Құрметті Солтүстік қазақстандықтар!
Сіздерді барша мұсылмандардың ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Осынау ұлық мейрамды мемлекеттік деңгейде ресми атап өту бақытына ие болғаны үшін Алла Тағалаға мадақ, бұған мұрындық болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде айт мейрамына жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, құшақтасуы арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі.
“Қызылжар” облыстық орталық мешітінде 2009 жылы 27-і қараша күні сағат 1000-де құрбан айт намазы оқылады.
Бұл күндері тәуелсіз Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды. Адамдарды бір-бірінен алыстатпай, қайта жақындата түсуді насихаттайтын хақ дін – Ислам әрдайым жақсылық жасап, әділ болуды жөн көреді. Сондықтан бұл күндері халқының жетпіс пайызын Ислам дінін ұстанушылар құрайтын тәуелсіз Қазақстан ынтымақ-бірлігі, достығымен әлем жұртшылығының назарын өзіне аударып, үлгі болғаны расында да біз үшін аса сүйінішті әрі мақтаныш.
Айт намазымыздан, шалған құрбандығымыздан, тіпті отандас қажылардың қажылығынан да көзделген негізгі мақсат – татулық, адамдардың бірлігі мен ынтымағын күшейту. Сондықтан бұл күндері шариғат мұсылмандарға мешітке жиналып, бірге айт намазын оқуды, бақилық болған жақын-жұрағаттарына арнап Құран оқуды, бірін-бірі мерекемен құттықтауды, үйлеріне тәтті тағамдар жасап, келген қонақтарды күтуді, алыс-жақын туған-туысқандарына барып жүздесуді, олардың ішінде қиыншылыққа тап болғандарына қарайласып, көңілдерін аулап, сыйлық беруді, сырқаттарға зиярат жасауды, араздасқандарға татуласуды міндеттейді.
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етcін. Ұлық мереке мүбарак болып, әр отбасына бақыт, береке қонсын! Мекке, Мәдинада қажылық сапарда жүрген отандастарымыз құлшылық рәсімдерін ойдағыдай өтеп, елге аман-есен оралсын! Алла Тағала асыл дініміз Исламға күшқуат берсін! Әмин.
Дорогие североказахстанцы!
Уважаемые братья и сёстры! Во имя Аллаха милостивого и милосердного!
Вновь на нашу землю пришли святые дни праздника Курбан айта, издревле призванные очищать душу, приносить в нашу жизнь добро, сострадание, милосердие, стремление помочь ближнему, праздник дружбы, братства, единства людей. Во время Курбан айта совершают жертвоприношения во имя Аллаха за мир и благополучие. В эти дни мусульмане планеты совершают молитву в честь Курбан айта.
Священное служение духовно обогащает и укрепляет нас, придает силу и приносит смирение, пробуждает к милосердию и взаимопониманию. В эти святые дни айта от имени Духовного управления мусульман Казахстана сердечно поздравляю всех вас с наступающим великим праздником Курбан айт.
27 ноября 2009 года – в день Курбан айта во всех наших мечетях в 1000 часов совершается праздничное моленье айт намаз. После этого в течение трех праздничных дней мусульмане приносят благочестивые жертвоприношения, поздравляют друг друга с айтом, ходят в гости к друзьям, забывают все ссоры и обиды. В эти благословенные дни я прошу у Аллаха мира и благоденствия всем казахстанцам, мира в наших душах. Мира нам всем, милость Аллаха и его благоволение!
Мы молим всевышнего ниспослать всем нам мира и душевный покой, семейное счастье, здоровье и благополучие, успехов в ваших начинаниях. Желаю всем мирной, спокойной жизни, благополучия и согласия в каждой семье, единства и процветания родного Казахстана.
Просим Всемилостивого Аллаха о принятии наших молитв и богоугодных деяний, вознаграждая милостью в обоих мирах.
Да будет мир над вами, милость Аллаха и его благоволение!
Да благословит вас Аллах. Амин!
Коллектив информационного агентства «Казах-Зерно» также поздравляет казахстанцев с праздником! Пусть в Ваших семьях и во всем казахстанском обществе сохранится мир и согласие, благоденствие и процветание!
|